Естай СЕЙДАХМЕТОВ, Қарасу кентінің тұрғыны: “Судың әр үйге тартылғанын қалаймын”
Сусыз – адамның күні жоқ. Күнделікті ас-суға, тұрмысқа су аса қажет. Біздің ауылдың тұрғындары ауыз суға аса зәру деп айта алмаймын. Күніне уақытымен су беріліп тұр. Содан тасып аламыз. Дегенмен, еліміз өркениетке ұмтылып жатқан тұста сапалы ауыз су іргеңе келіп тұрса деп армандайсың. Мұны айтуға біздің қақымыз бар.Осыдан екі-үш жыл бұрын Есіл өзенінен құбыр тартылып жатыр дегенді естіп, қуанып қалып едік. Міне, соны әлі күнге дейін күтіп жүрміз.Келетін түрі жоқ.Егер құбыр аудан орталығына жетіп, оны үйді-үйге қосып берсе, оңды болар еді.