“Ана” ескерткіш күміс монетасы айналысқа шығады

МонетыҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014   жылғы 21 қарашадан бастап "proof" сапасымен номиналы 500 теңгелік "Жүректен жүрекке" монеталар серия-сынан алтын жалатылған "Ана" ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығатыны туралы хабарлайды.
Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ішіне ою-өрнек салынған жүректің стильденді-рілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазба, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін  жазба және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тілінде "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте күңгірт бетінде стильдендірілген күннің алтындатылған бейнесінің аясында ана мен баланың бейнесі, мемлекеттік тілде "АНА", орыс тілінде "МАМА" деген жазба және соғылған жылын білдіретін "2014" деген сан орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде "ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ", орыс тілінде "ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ" және ағылшын тілінде "FROM HEART TO HEART" деп жазылған.
 "Ана" монетасы – монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды адамнан адам-ға, жүректен жүрекке өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған серияның алғашқы монетасы. Бұл сериядағы монеталар жақын және жақсы көретін адамдарға тамаша сыйлық болады. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓