Қор кепілдігі туралы білесіз бе?
Құрметті оқырман, бүгін назарларыңызға "Даму" қорының негізгі қолдау көрсету құралдарының бірі – кепілдік туралы мәлімет ұсынамыз.

???? Банктердің бизнеске арналған несиені кепілдік арқылы беретінін көбіңіз білетін боларсыздар. Кепілдік қаржы мекемесі үшін заем алушының өз міндеттерін орындайтынына сенім білдіру үшін қажет. Кепіл ретінде жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік, банк депозитіне салынған қаржы, құнды қағаздар және басқалары қабылданады. Мүлік заем алушының өзінікі немесе үшінші тұлғанікі болуы мүмкін.
❓Мұның сыртында,кепілдік құны несие сомасын толық өтейтіндей болуы тиіс. Ал егер сіздің кепіл дүниеңіз заеміңіздің барлық сомасына жетпей қалса не істеуге болады? Мұндай жағдайда "Даму" Қоры заем сомасына жетпей тұрған құнды жабатындай кепілдік ұсына алады.
???? "Даму" Қоры кепілдігінің көлемі (бағдарламаға қатысты) төмендегідей:
✔️ ісін енді бастайтын кәсіпкерлер үшін заем сомасынан 85%-ға дейін;
✔️ іс жүзіндегі кәсіпкерлер үшін заем сомасынан 50%-ға дейін.
✔️ ісін енді бастайтын кәсіпкерлер үшін заем сомасынан 85%-ға дейін;
✔️ іс жүзіндегі кәсіпкерлер үшін заем сомасынан 50%-ға дейін.
???? Біз жылжымайтын мүлікті кепілге қоюдағы стандартты жағдайды талдаймыз.
???? Мысалы, жұмыс істеп тұрған кәсіпкер жабдық сатып алу үшін банктен 24 млн теңге сомасында несие алғысы келеді делік. Кепілге пәтер береді. Пәтердің нарықтық құны 15 млн теңгені құрайды. Банк жылжымайтын мүлікті оның құнының төмендеу коэффициентін ескере отырып, 12 млн теңге сомаға бағалады және қарыз алушыға жетіспейтін сома – 12 млн теңгеге "Даму" Қорының кепілдігін пайдалануды ұсынды.

???? Банкте кредит мақұлданғаннан кейін жоба бойынша құжаттар Қорға беріледі. Кәсіпкер сондай-ақ кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру мүмкіндігі туралы өтінішпен "Даму" қорына өтінім береді. Қор тарапынан жоба бойынша оң шешім қабылданған жағдайда кәсіпкер, Банк және "Даму" Қоры арасында үшжақты кепілдік шарты жасалады.
???? Осылайша, кәсіпкер қордың ұсынылған кепілдігі есебінен 24 млн теңге мөлшеріндегі қарыздың жоспарланған сомасын ала алады.
???? Толығырақ ақпаратты www.damu.kz сайтынан немесе біздің байланыс орталығымызға 1408 нөмірі бойынша хабарласып білуге болады
???? Біздің қолдау – Сіздің дамуыңыз үшін!
«Даму» Қоры