Жаңа департамент құрылды

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бизнес-қауымдастықтар өкілдерімен  кездесу өтті.
Бизнес-қауымдастықтар өкілдері, облыстың ірі сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылары, БАҚ өкілдерімен өзінің бірінші кеңейтілген отырысын салық, кеден және экономикалық қылмыстар бөлігін-дегі қаржы полициясы органдарының бірігуі арқылы жаңадан құрылған ведомство – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өткізді. Жаңа департаментті осыған дейін Қостанай облысы бойынша Салық департаментін басқарған Айбек Минаимбекұлы Паяев басқарады.
Отырыс барысында Қазақстанның әлемнің  ең дамыған 30 елінің қатарына ену Стратегиясын іске асыру жолында ыңғайлы шешім болып табылатын әкімшілік реформа мәселелері, "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Елбасының жолдауы кеңінен талқыланды.
Басқосуда сөз сөйлегендер қолайлы салықтық және кедендік әкімшілендіруді қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет жасау бойынша іс-шараларды іске асыру, салықтық және кедендік заңнаманы жетілдіру, бүгінгі таңда 32 салықтық және 11 кедендік қызметті ұсынатын мемлекеттік қызметті арттыру, яғни  табысты бизнес ортаны қалыптастыру мәселелеріне ерекше ден қойды.
Шағын орта бизнес субъек-тілеріне тексеру жүргізуге тыйым салу нәтижесінде салықтық статистика деректері бойынша былтырғы жылмен салыстыр-ғанда тексерулер 59-ға азай-ған және ең маңыздысы – тыйым салу аяқталғаннан кейін ешқандай жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер болмайды. Бұл мемлекеттік кірістер комитетінің бағыты, мұны барлық аумақтық органдар ұстанып, одан әрі негізгі бағыт сараптамалық және камералдық жұмыстарға берілетін болады.
Отырыс соңында А.Паяев қатысушыларға алғыс білдіріп, келешекте  мықты және сенімді серіктестік қарым-қатынасты құруға мүмкіндік беретін  және туындайтын мәселелерді шешуге бірыңғай шешімді тудыруға көмектесетін ашық диалогты жалғастыруға тілек білдірді.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓