Жаңа тағайындау

Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында аймақ басшысы Нұралы Садуақасов жаңа тағайындалған басшылармен таныстырды.
Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы болып  Қанат Кенжетайұлы Баямбетов тағайындалды.
Қанат Кенжетайұлы 1971 жылы Қостанай облысының Наурызым ауданының Қараменді ауылында туған.
1993 жылы Рудный индустриалдық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдап шыққан.
Өз еңбек жолын 1993 жылы Жанділдин атындағы совхозда құрылыс учаскесінің шебері лауазымынан бастаған. Одан кейін әр жылдары әр түрлі қызметтерде жұмыс атқарған.
2014 – 2015 жылдар аралығында Федоров ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған.
1334734037_creslo_chin
Қостанай облысы әкімдігінің жастар мәселесі бойынша басқарма бастығы болып Кенеш Ғалибекұлы Әлімжанов тағайындалды.
Кенеш Ғалибекұлы 1978 жылы Қостанай қаласында туған.
1999 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша оқып шыққан.
2010 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын бітіріп,  «мемлекеттік басқару магистрі» атанған.
Кенеш Әлімжанов еңбек жолын 1999 жылы «Костанай автобус паркі» ЖШС «заңгер» лауазымынан бастған.
Әр түрлі басқарушы қызметтерде болған ол, 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін Қарасу ауданы әкімінің орынбасары болған. 
 
Махаббат Бекбай
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓