Күнтізбенің кезекті шығарылымы
"2015 жылға арналған Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбесінің" кезекті шығарылымы шықты.
Құралға маңызды тарихи оқиғалар және Қостанай облысының ғылымына, экономикасына, өнері мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қос-қан белгілі мерейтой иелері енгізілген.
Келер жылдың маңызды тарихи оқиғасы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы болып табылады.
Сол майданда қан кешкен қостанайлық жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысушы С.Б.Баймағамбетовтың, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқышы, Қостанай қаласының құрметті азаматы Л.И.Беданың туғанына 100 жыл болады.
2015 жылды мемлекет басшысы Қазақстан Хал-қы Ассамблеясы жылы деп жариялады, осыған орай бұл еліміздің және қала өмірінің елеулі оқиғасы болмақ.
2015 жылы ҚР Конституциясына 20 жыл толмақ.
Облыстың мәдени өмірінде де елеулі оқиғалар аз емес. Атап айт-қанда, осыдан 100 жыл бұрын облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ашылды, 15 жыл бұрын І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры ашылды.
"Күнтізбе" өлкеміздің тарихына қатысты оқиғаларды еске салады, Ш.Уәлиханов, жазушылар М.Дулатов және С.Досанов, ақындар Т.Әлмағамбетов, К.Тоғызақов, тарихшы-ғалым И.К. Терновой, саясатшы К.Ү.Үкин, экономист-ғалым Ғ.С.Сейт-қасымов және т.б. секілді көптеген танымал қостанайлықтармен танысуға мүмкіндік береді.
Қостанай облысының 2015 жылға арналған атаулы күндері мен оқиғалары жайындағы ақпарат www.kstounb.kz сайтында орналастырылған.