Отбасы құндылықтары

Кейінгі уақыттары отбасының мән-маңызы, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық төмендеп барады деген ой жиі айтылып жүр. Бұл мәселенің алдын алу мақсатында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы "Отбасы – қоғамның ұяшығы" "дөңгелек үстел" мәжілісін өткізді. Іс-шараға облыстық басқармалар мен департаменттердің, қоғамдық ұйымдар мен партиялардың өкілдері қатысты.
Қазіргі қоғамда ажырасу көбейіп, жетім балалардың саны артуда. Әсіресе жас отбасылардың шырағы жанбай жатып өшетін болды. ҚКХП облыстық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Петр Коржиковтың айтуынша, мұндай мәселенің туындауына БАҚ-тың тигізері ықпалы көп. Себебі жастар теледидардан көргенін қайталайды. Сондықтан дәстүрлі отбасыларды жиірек насихаттау керек.
– Қазақстанда отбасылардың 15%-ы бала сүйе алмай отыр. Міне, бұл проблема! Отбасы мәселесі жұрттың бәрін алаңдатып отыр. Жас отбасыларға барынша қолдау керек. Әсіресе, тұрғын үймен қамтуды,  жетім балалардың мәселесін бір жолға қою керек, – деді отбасын тәрбиелеу облыстық орталығының директоры Лилия Саркисиян.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓