Кейбір өңірлерде оқу тоқтатылды

Қостанай өңірінде аяздың күрт күшеюіне байланысты кейбір білім ошақтарындағы оқу тоқтатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде облыс әкімі Н.Садуақасов мәлімдеді.
-Қыстың нағыз қытымыр күндері басталды десе болады. Облыс бойынша күн райы -25 пен -28 аралығындағы аязды көрсетіп тұр. Қазір  кейбір аудан, ауылдарда 1-4 сыныптардағы оқу процесі тоқтатылды. Өңірдегі барлық білім ошақтары қысқы қатты және сұйық отынмен қамтылған. Дегенмен, сақылдаған сары аяздың күні әлі алда, сондықтан жылу жүйелерінің істен шығуына жол берілмеуі тиіс. Барлық сақтық шаралары қолға алынуы қажет, – дейді облыс әкімі Н.Садуқасов.
Қарлығаш ОСПАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓