Әулиекөлдегі алапат өрт бой бере емес

Өрт 2 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жердгі ориюманнан басталған. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға жел және аптап ыстық кедергі келтіруде. Оның құрғақ шөп ке тиген алау бой бермей жатыр. 

Оқиға орнында жедел штаб құрылған. Жел екпінінен жалын "Семиозер УЛХ" орман алқабына ауыз салған. Өрт сөндіру тезникаларының сыртында АН-2 ұшағы жұмылдырылған. Көмекке Рудный, Науырзым, Тобыл және Ақмола облысының өрт сөндірушілері шақырылған. 

Соңғы мәліметтер бойынша, өрт қамтыған аумақ 2 мың гектарды қамтиды. Қазір өртпен 200 шақты адам күресіп жатыр. 

Аудан аумағын тұмшалаған қою қара түтін салларынан Әулиекөл тас жолы жабылған. Төтенше жағдай бақылауымызда болады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓