Қорғаушыға қорғаушы қажет
Қостанай аудандық соты өңірге белгілі азаматтардың құқығын қорғаушы Бақытжан Хасеновке қатысты қылмыстық істі қарауда. Ол өткен жылы 21 қарашада өз көлігінде 46 жастағы әйелді еркінен тыс жыныстық қатынасқа итермелегені үшін айыпталды. Оларды іскерлік қарым-қатынас қана байланыстырған. Хасенов сол күні жәбірленушіге ақша алып кету үшін барған. Ол берешегін төлеген соң айыпталушы қолхаттың кеңседе қалғанын, бірге барып алу керектігін айтады. Қаннен-қаперсіз әйел көлікке отырады. Ал Хасенов кеңсесіне барудың орнына Қостанай-Сарыкөл тас жолына шығып кетеді. Жол жиегіндегі "444" дәмханасы маңына тоқтап, артқы орындықта отырған жәбірленушінің қасына келіп, арамза жоспарын жүзеге асырған.
Қазір тергеу жүргізілуде, ал ол қамауда отыр. Қылмыстық істі қарау 13 сәуірге белгіленіп отыр. Процесс жабық тәртіпте өтеді.