Ел Конституциясы – құқық пен заңдылықтың тірегі
2020 жыл қоғам мен мемлекет үшін айрықша маңызды жыл, өйткені 30 тамызда қазақстандық құқықтың негізі және мемлекеттің бастауы болып табылатын ел Конституциясының 25 жылдығын мерекелейміз.
Тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының құқықтық негізін қалаған, мемлекеттің бірлігін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз еткен Конституцияның тарихи рөлі мен ерекше мәртебесіне ешкімде күмән туғызбайды.
Республиканың Негізгі заңы тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттік құрылысының іргелі принциптерін бекітіп берді.
Ел Конституциясының басты міндеті – тұрақтылықты нығайтуда, халықтың әл-аухатын көтеруде және демократияны дамытуда. Республика Конституциясы халықтың бірлігін нығайтты, Қазақстан жерінде ортақ тарихи тағдырмен байланысқан әртүрлі этностың топтардың адамдарын біріктірді.
Конституция әлеуметтік бағдар ұстанған нарықтық экономикасы бар мемлекет құруға және жүйелі демократиялық өзгерістер жүргізуге арналған құқықтық іргетасқа айналды.
Конституцияның 3-бабының 1-тармағында жарияланған «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген ережеден келіп шығатыны – Қазақстан халқы Қазақстан мемлекетінің, оның егемендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының негізі болып табылады.
Өткен кезеңде елімізде конституционализмді дәйекті түрде орнықтыру, Конституцияның мемлекеттік құрылыс саласындағы ережелері мен нормалары қолданылуының тиімділігін арттыру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру жөніндегі жұмыстар жалғастырылды.
Әлеуметтік әділ мемлекет орнықтыру бағыты қуатты серпінге ие болды. Халықтың аз қамтылған және әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдау, барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту бойынша жаңа ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылуда.
Айтылған және елімізде жасалып жатқан басқа да алға апаратын іс-шаралар Конституцияға негізделген және оған сай келетін заңдар мен мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жүзеге асып келеді.
Ата Заңымыздың 25 жылдық мерекесі әр қазақстандық үшін құтты болсын!
М. Сматов,
Қостанай облысы прокурорының
бірінші орынбасары