“Тамашадан” тартысқа түсті
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Тілдерді оқыту орталығының бірігіп ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде "Тамаша" әзіл-сықақ байқауы биыл жетінші рет өтті.
Өңірде сатиралық жанрды дамыту және жаңа қойылымдарға жол ашу мақсатымен өткізілген бұл байқауға: Сарыкөл, Соналы орта мектептері және Севастополь, Лесной, Маяк, Күнтимес ауылдарынан өнерпаздар қа-тысты.
Өз өнерлерін көрсеткен әр ұжым байқаудың барлық шарттарын лайықты орындады. Олардың әртістік шеберліктері, сахна, киім мәдениеті және тіл тазалығына әділқазылар төрелік айтты.
Байқауда бірінші орынды Сарыкөл орта мектебі жеңіп алса, екінші орынды Күнтимес ауылдық клубы еншілеп, үшінші тұ-ғырға Леснойлық өнерпаздар көтерілді. Жеңімпаздар мен қатысушылардың барлығына ұйымдастырушылар тарапынан мадақтама қағаздары және ынталандыру сыйлықтары берілді.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
СУРЕТТЕ: "Тамаша" жеңімпаздары.
Суретті түсірген автор.