Білім ордасындағы дүрбелең

Қостанайдағы №23 мектепте  кенеттен оқу үдерісі үзіліп, дабыл қағылды. Мектепті дүрліктіріп, оқушыларды жаппай далаға шығаруға себеп болған мұрынды жарар газ иісінің ғимаратқа тарап кетуі . Белгісіз адам білім ордасының ішіне газ шашып кеткен. Бұзақы әлі де қолға түспепті.
мекткпҚазір  темір құтыдағы қандай газ екені және оның денсаулыққа әсерін мамандар тексеріп жатыр. Газдың өткір иісінен оқушылардың көздері жасаулап, жөтеліп, бастары айнала бастаған. Шұғыл түрде мектеп ішіндегі 500 оқушы да сыртқа шығарылды. Жұртты дүрліктерген азамат оқу орнының ішінде де, сыртында да орнатылған бейнекамералардың ешқайсысына түспеген.
Ал Қостанай қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікованың айтуына қарағанда, эпидемиологиялық қызмет мамандарының шешімі бойынша бүгін бірінші және екінші ауысым сабақтары тоқталып отыр. Әлі күнге дейін бізде ресми түрде шешім шығарылған жоқ. Газ қайдан шығып отыр, Оның денсаулыққа әсері қандай дегендей. Сондықтан біз сол шешімдерді өзіміз де күтіп отырмыз.
 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓