Құқықтық тәртіпке тәрбиелеу керек
"STOP Қылмыс" жобасының шеңберінде "Жас Отан" жастар қанатының өкілдері Федоров ауданының мектептерінде болып, оқушылармен кездесіп, ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік туралы айтып берді. "НұрОтан" партиясы облыстық филиалының кеңесшісі Абылайхан Кәкенов жұмыстың осы түрі жастарды қоғамдық өмірге тартып, белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімді. "Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарды ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуге жұмылдыру. Біз тұрғындарды хабардар етіп қана қоймай, облыс аумағын көркейтуге де өз үлесімізді қосудамыз", – дейді А.Кәкенов.
Акцияның Федоров ауданында ұйымдастырылуы кездейсоқ емес. Жыл басынан бері осы аудан облыстың ірі қалаларынан кейін ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтау жөнінен алда келеді. Мысалы, ауданда жыл басынан бері жасөспірімдердің заңды өкілдердің қарауынсыз жүруіне қатысты заң талаптарын бұзудың 157 жағдайы тіркелген.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі.