Өнеркәсіп өнімі артпақ
Ұзынкөл. Үстіміздегі жылғы он айдың қорытындысы бойынша ауданда 1586,2 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімнің нақты көлемінің индексі 107,7 пайызды құрайды. Алдағы уақытта аудан әкімшілігі жоспарлы түрде осы секторды дамыта отырып, шикізаттық сектордан өнеркәсіптің өңдеу өндірісіне қарай бет бұруға күш салатын болады.