Шылым қымбаттайды
1 шілдеден бастап бөлшек саудадағы фильтрлі, фильтрсіз темекі және папиростың шектік құны 20 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы zakon.kz жазды.Бұған дейінгі шылымның ең төменгі бағасы 340 теңге болып келсе, енді алдағы айдан бастап 360 теңгеге өседі. Ал 2019 жылдың 1 қаңтарында тағы да жиырма теңгеге көтерілмек.
Естеріңізге салайық, ҚР үкіметінің 2017 жылғы 25 қыркүйегіндегі №587 қаулысымен фильтрлі, фильтрсіз темекі және папиростың шектік құны белгіленген еді.