Әзілхан Нұршайықовқа – ескерткіш тақта
Алматыдағы Құрманғазы көшесінің 90-үйінде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Әзілхан Нұршайықов 1985-2011 жылдар аралығында тұрып еңбек еткен еді. Осы кезеңде суреткердің қаламынан жиырма шақты шығарма туындаған екен. Атап айтқанда "Өмір өрнектерінің" үш томы, "Естеліктерінің" қос кітабы, әде-би, әскери күнделіктер жинақтары жарық көріп, ел ықыласына бөленді. Әсіресе Елбасыдан бастап қарапайым оқырмандардан жоғары баға алған "Мәңгілік махаббат жыры" поэмасында 54 жыл отас-қан зайыбы Халиманың қазақтың нағыз келіні ретіндегі бейнесі шынайылықпен сомдалған еді.
Міне, жуырда осы үйдің қабырғасына Әзілхан Нұршайықовтың рухына ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин, Бауыржан Мо-мышұлының келіні Зейнеп Ахметова, Шығыс Қазақстан облысының делегациясын бастап келген ақын, жазушы Нұржан Қуантай, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы-журналист Қайсар Әлім және жазушының немересі Дина Жансағымова сөз сөйлеп, Әзағаңның өмір, шығармашылық қырларынан қызықты, мазмұнды әңгіме суыртпақтады.
Суреттерде: Салтанаттан көрініс. Ескерткіш тақта.