Шахмат турнирінде жүлдегер атанды

Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында шахмат ойынынан өткен желілік турнирде Қостанайдағы НЗМ 11-сынып оқушысы Әнуар Мұсаев 3-орынды қанжығалады. Желілік шахмат турнирі 15-17 қараша аралығында Lichess платформасында өткен болатын. Шахмат додасында Зияткерлік мектептерден 200-ден астам оқушысы қатысты. Жарыстың басты мақсаты – шахмат ойыны арқылы зияткер оқушылардың ой-санасын дамыту.
"Турнир қызықты болды, ойыннан жақсы әсер алдым. Нәтижеге ризамын, бірақ одан да жақсы ойнайтыныма сенімдімін. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға зор тәжірибе жинақтауыма мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді", – дейді Ануар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓