Ұзынкөлдің де өзіндік ерекшелігі бар 21 қарашада ауданда “Қостанай таңы” күндері өтеді

– Аудан экономикасының құрылымындағы ең басты сала – ол ауыл шаруашылығы. Цифрларды сөйлетсек, ірілі-шағынды екі жүз елу сегіз агроқұрама яғни серіктестік, шаруа қожалығы, өндірістік кооперативі бар. Әрқайсысының ауданның әлеуметтік-экономикалық саяси дамуына өздерінің үлесін қосып отыр.
Ал, жиын-терімге келер болсақ, үстіміздегі жыл жалғыз біздің аудан еңбеккерлері ғана емес, бүкіл диқандар үшін сын болды. Биылғы ауа райының қолайсыздығы яғни жауын-шашынның әсерінен егіс алқабының 30 мың га-нан жоғары ылғалдылыққа ұшырауынан егін жинау төмендеді.
Егіс алқабын әртараптандырудың нәтижесінде үстіміздегі жылы майлы дақылдардың алқабы ұлғайтылды. Қысқы жемшөп, азық қорын жинадық.
–Аудан экономикасының дамуы – облыстың қарқынды дамуы. Сондықтан да аудан өз алдына қойған мақсаттарын орындап, межелеген нәтижеге қол жеткізе алды ма? Мәселен, "Сыбаға", "Индустрияландыру картасы"…
– Агроөнеркәсіп кешенінің бір саласы – мал шаруашылығы. Ауданда шағын тауарлы секторды ірілендіру, асыл тұқымды мал басын көбейту міндеті тұр. Жыл сайын мал өнімінің сапасы мен өнімділігін, отандық тауар өндірушілерді қолдау мен бәсекелестігін арттыру үшін көмек ретінде қаржы бөлініп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Үстіміздегі жылы мал шаруашылығын қаржыландыруға барлығы 31 млн.262 мың теңге бөлінді. Ал, етті мал шаруашылығын дамыту үшін "Сыбаға" бағдарламасы аясында аудан шаруа-шылықтары 101 бас мал сатып алды. Ең алдымен мал шаруашылығын дамыту үшін қазіргі заманғы технологияны енгізуіміз керек, ол үшін жемшөп базасы қажет. Бұл мәселелер толықтай орындалу үстінде, аудандағы ірі шаруашылықтарымызда мал
басын көбейтуге, асылдандыруға жағдай бар. "Индустрияландыру картасы" бойынша жалпы көлемі 235 млн. теңге тұратын екі жоба жүзеге асырылды. Бірі – Ершовка селосында, жылына 1 млн. дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы, екіншісі, "Ряжское" ЖШС-де, астық кептіретін және сақтау қоймасының құрылысы салынды. Келесі жылы "Индустрияландыру картасы" аясында бірнеше жоба жүзеге асырылмақ, соның екі-үшеуін атап кетсек, "Ряжское"ЖШС-де, соммасы 250 млн. теңге, мың басқа арналған мал базасының, "Итсары–2005"ЖШС 1000 әулие-көлдік ірі қара тұқымына арналған мал базасының, Новопокров селосында мал соятын алаң құрылысы басталады. "Бизнестің жол картасы–2020" мем.бағдарламасы бойынша ең алдымен бес жоба жүзеге асты. Мысалы, "Тойсай" ЖШС 2012 жылы "Халық банктен" алған 100 млн. теңге несиеге 213 қазақтың ақбас сиыр тұқымын сатып алды. 2014 жылы "Бизнестің жол картасы– 2020" мем.бағдарламасының 1-бағыты бойынша "Даму" қоры аясында екі өтініш мақұлданды, төртінші бағыт бойынша екі кәсіпкеріміз "Назарбаев Университетінде" оқып қайтты. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында ауданымыздың 15 кәсіпке-ріне он жеті рет ақысыз қызмет көрсетілді.

Селоның бүгінгі бейнесі

Тәтімбет мүсіні
– Әрине. Атап айтсақ, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін, 200 м. құбырды ауыстырдық, Ұзынкөл, Миролюбов, Федоров селоларындағы сорғы станциясының ғимараттары жөнделді. Аудан орталығындағы алаң, балалар саябағы көгалдандырылып, абаттандырылды, 1300 ш.м. брусчатка төселді. Көшелерді қосымша жарықтандыруға 134 шам қойылды. Ұзынкөл-Тайсойған-Обаған автокөлік жолдарының учаскелерін ұстау үшін 0,5 млн. теңге игерілді. Ал, енді "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының барлық бағыты бойынша 136 адам қатысты. Ауданда мектепке дейінгі мекемемен қамтамасыз ету өз деңгейінде болғанымен, Ұзынкөл, Троебрат селоларында бұл мәселе 2015 жылы өз шешімін табады деп ойлаймыз. Биылғы жылы жаңа оқу жылында 21 жас педагог келді, 9 педагог көтерме жәрдемақы алды, 9 маманға тұрғын үй алу үшін пайызсыз несие берілді. Білім саласына ауданда 1 млрд.430 млн. теңге бөлінді. 12 жылдық білім беруге дайындық үшін Арзамас, Новопокров орта мектептеріне химия кабинеті республикалық бюджет есебінен сатып алынды.
– Әңгімеңізге рахмет.
Село жаңарып келеді

Дәрігерлік амбулатория құрылысы
Еңбектенген ерлейді

Қарлыға Мүкенова жұмыс үстінде
– Он жылдан бері сатушы болып жұмыс істеп келемін. Дүкенде тұрғындар үшін керектің бәрі бар. Азық-түлік, сүт, кондитер өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер дегендей. Қаладан кем емес, – деді бізге сатушы Қарлыға Мүкенова.
Гүлназым САҒИТОВА