Апалы-інілі жас мамандар
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған "Дипломмен –ауылға" мемлекеттік бағдарламасының жемісін барша қазақстандық жастар көруде. Солардың бірі – краснодондық апалы-інілі Мөлдір мен Әнуар.
Бұл екі жас маман еңбек жолдарын алтын ұялары – Краснодон орта мектебінен бастады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері – Мөлдір Құдабаеваның жұмыс істеп жатқанына биыл – 3 жыл болса, ал Әнуар Құдабаев биыл-ғы оқу жылынан бастап жұмыс-қа кірісті. Қазіргі таңда ол екеуі жас та болса, аталмыш мектептің білім сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда. Яғни, өскелең ұр-паққа Мөлдір тарих пәнінен са-бақ берсе, ал Әнуар ағылшын ті-лін үйретуде. Бар білгендерін балалардың бойына сіңіріп, саналы да тәрбиелі ұрпақ қалыптастырмақ.
Мінеки, бір шаңырақтан, бір мектептен, бір оқу ордасынан түлеп ұшқан қос жас маман осылайша, бір білім ордасында бас қосты. Егіздердей бірінен бірі бір елі ажырамай, апасының жолын інісі жалғап, болашақта көпке үлгі болмақ. Сөйтіп, олар бесіктен көріп өскен тәрбиені, баршаға бірліктің үлгісі ретінде паш етіп, тату-тәтті Құдабаевтар отбасынан шыққандықтарын шынайы түрде мойындатпақ. Сайып келгенде, оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген қос жас маман тек мектептің мерейін тасытып қана қоймай, Құдабаевтар отбасын да қуанышқа кенелтпек.
Олай болса, дәл осындай тәлімі мен білімі мол Мөлдір мен Әнуардай жас мамандардан болашақта талай жастар үлгі алады деген ойдамыз.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
СУРЕТТЕ: Мөлдір мен Әнуар Құдабаевтар.
Суретті түсірген автор.