Есеп беру-сайлау жиыны

ҚСәрсенбінің сәтінде Тәгіл ауылдық округі бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиыны өтті.
Бұл жиынға "Нұр Отан" партиясы Сарыкөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Геннадий Батуринец, партия хатшысы Людмила Каменская, Тәгіл ауылдық округінің әкімі Сағынбай Сүндеталин қатысты.
Алдымен, бастауыш партия ұйым төрағасы Қ.Сақауов 2013-2014 жылдарда ат-қарылған жұмыстарға тоқталды. Ол өз есебінде аталмыш  ұйымының ықпалымен өткен біршама істерді жіпке тізгендей етіп айтып берді.   
Одан  кейін жарыссөзге шығып сөйлеген партия мүшелері – Тәгіл ауылдық округінің әкімі С.Сүндеталин, аудандық мәслихаттың депутаты Б.Шоқаева, Соналы орта мектебінің   жас  тәлімгері С.Мырзабаев және партияның  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Батуринецтер партияға қатысты атқа-рылған жұмыстарға тоқталды.
Жалпы, есеп беру-сайлау жиналысында ұйым төрағасы болып Қ.Сақауов бір-ауыздан қайта сайланды. "Нұр Отан" партиясы Сарыкөл аудандық филиалы конференциясына делегаттар сайланды. 
Ал, ауқымды шара өз мәресіне жетер тұста,  бір топ адамға жаңа үлгідегі пар-тиялық билеттер берілді.
Руслан ӘЛКЕЙ.
Сарыкөл ауданы.
Суретті түсірген автор.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓