Отшашу үшін айыпталды

Қостанай қ. Түн ортасында қаланың қақ ортасында отшашу атқан азамат 20 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Өзінің көңілін көтермек болған кісі ерсі қылығымен қалалықтардың түн ұйқысын төрт бөлгенімен қоймай,  көрші үйдің терезесін де қиратқан көрінеді. Осыны ескерген арнайы әкімшілік соты қала тұрғынының балалық ісін «бұзақылық» деп бағалап, оған 10 АЕК айыппұл салды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓