Қала әкімдігінің мерекелік тартуы
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев халықаралық Әйелдер мерекесіне орай қыз-келіншектерді құттықтады. Мерекелік шара қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен "Мирас" мәдениет үйінде өтті. 


Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әйел — ана. Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді. Әйел — әлемнің көркі, сұлулықтың белгісі. Сіздер әр түрлі салада қызмет істеп, қаламыздың дамуына үлес қосып келесіздер. Барша ғаламның сәні де, мәні де сіздер. Сол үшін қыз-келіншектерді сыйлау, құрметтеу басты парызымыз. Әрқашан жайнап, жадырап жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, — дейді М. Жүндібаев.









Бибіт НҰРМҰХАНОВ,
Суреттерді түсірген автор
Суреттерді түсірген автор