Ардагерлерге – 150 мың теңге
Қостанайда Жеңіс күні құрметіне Екінші дүниежүзілік соғысқа (ЕДС) қатысқан ардагерлерге 150 мың теңгеден бір реттік жәрдемақы беріледі.
Қостанай қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Харьяков айтқандай, облыста ЕДС149 қатысушысы бар. Оның 61-і Қостанай қаласында тұрады. «Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер мен соларға теңестiрiлгендер 150 мың теңге көлемінде бірреттік материалдық көмекке ие болады. Бұған қоса, тыл еңбеккерлері мен соғысқа қатысқандардың әйелдері мен жесірлері 12 025 теңгеден жәрдемақы алады. Қаражат олардың банк шоттарына аударылады, кейбірі пошта бөлімшесінен алып кетеді», – деді Ю.Харьяков.
Айта кетейік, Қостанай қаласында 2240 тыл ардагері тұрады.