Құқықтық мәдениет дегеніміз не?

"Нөлдік төзімділік" дегеніміз не? "Нөлдік төзімділіктің" мақсаты қандай?  Біз оны қалай түсінеміз? Қай-қайсысымыздың болмасын түйсігіміз осы сөздерді  бірден қабылдамауы да ықтимал.  Осы мәселе төңірегінде Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанаргүл Ещановаға жолығып әңгімелескен едік.
– Елбасымыздың "Қазақстан – 2050"  Стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдауында қоғамдық тәртіпсіздіктерге нөлдік төзімділікті қалыптастыру, кез келген ұсақ құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмауына, мәдениетсіздік пен бассыздыққа жол бермеуге баса мән берілуі керектігін айта келіп,"біз тіпті ұсақ-түйек құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуге тиіспіз, себебі, бұл қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді" деген-ді.   Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің қоғамда құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидасын қалыптастыру аясында  бекітілген  жұмыстың жоспар-жобасы да бар.  Біз "Нөлдік төзімділік" қағидасы бойынша атқарылған жұмыстарды Қостанай қалалық білім бөлімі-мен, Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясымен, Қостанай қаласы Ішкі істер басқармасы Оңтүстік полиция бөлімімен тығыз байланыста атқарамыз. Мысалы, Қостанай қаласы Ішкі істер басқармасы Оңтүстік полиция бөлімі, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Мәдина Валиеваның  қатысуымен мектеп инспекторы 9-11 сынып оқушыларының арасында "Жасөспірім-дердің қылмысы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында Мәдина Амангелдіқызы кәмелетке толмаған балалардың қылмыстық жауапкершілігіне тоқталып,  келеңсіз-діктің алдын-алу мақсатында оқушылармен пікір таластырып, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.
– "Нөлдік төзімділік" дегені-міз не? Оны көп жағдайда құқық саласының мамандары түсінуі мүмкін..
– Ол,  сөзіңіз рас. Енді қарапайым тілмен айтсақ, нөлдік төзімділік дегеніміз бұл кәдуілгі күнделікті тіршілігімізде  болып жататын ұсақ-түйекті, бірлі-жарымды кішігірім бұзақылық, қоқысты жол бойына шығару, белгіленбеген жерде шылым шегу, алкогольді сусындарды ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі көңіл көтеру мекемелерінде болуы. Сонымен бірге  осы "Нөлдік төзімділіктің" ең негізігі мақсаты қоғамды белсендіру яғни қай-қайсысымыз болмасын кез-келген құқық бұзушылыққа жайбарақат қарамауымыз керек. Біз кейде оны   құқыққорғау органдарының жұмысы деп білеміз. Әрбір өткізілетін, ұйымдастырылатын үгіт-насихаттық бағыттағы шаралардың оқушыларымызға  берер тағылымы мен міндеті мол. Мысалы, әр сейсенбі күні өткізілетін құқық сабақтарында сынып жетекшілері құқық бұзушылық тақырыптарында түрлі ойын сабақтар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар ұйымдастырады. Оқушылардан тақырыптық, жабық түрде сауалнамалар алынып, сарапталады. Мектеп жантанушысы Мақпал Бөлегенова  орта буын оқушыларының арасында мектепке деген үрей деңгейін анықтау мақсатында  "Филипс тестін", агрессивтік мінез құлықты анықтау мақсатында орта буын оқушыларынан "Басса-Дарки" сауалнамасы алынып, анализдер жасалады.
– Оқушылардың бойында құқықтық мәдениетті, "Нөлдік төзімділік" қағидасын қалыптастыру үшін балабақшада, мектепте біршама жұмыстарды атқаруымыз қажет болар…
– Біздің мектебімізде "Нөлдік төзімділік" қағидасы бойынша   оқу жылы бойы атқарылған іс-шаралардың біршамасына тоқталып өтсем деймін. Мәселен, маусым айында мектеп алды сауықтыру алаңындағы  және "Жасыл ел" тобының оқушыларының қатысуымен тәлімгер Қ.Серікбаеваның жетекшілігімен "Құқық бұзушылықтағы нөлдік төзімділік" акциясы ұйымдастырдық.  Акцияда оқушыларды құқық бұзушылық түсінігімен таныстырдық, қоғамда орын алып жатқан құқық бұзушылықтардың салдары талқыланып, бейне материалдар көрсетілді.  Мектеп жантанушысы С.Стамқұлова "Зорлық-зомбылық көрген балаларға психологиялық көмек және балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау" тақырыбында әдістемелік ұсыныстар дайындап, оқушыларға таратылды. Әлеуметтік педагог Марал Шайқықызының қадағалауымен жыл бойы мектеп мұғалімдері  бекітілген кесте бойынша үздіксіз рейдке шығып тұрады. Рейд барысында КЖБИ шағын ауданындағы сауда орындарын, кафе, компьютерлік клубтарда оқушылардың кешкі уақытта жүрмеуін, құқық бұзушылықтың орын алмауын қадағалайды. Жалпы осы рейд қорытындысы ай сайын құқық бұзушылықтың алдын-алу отырысында қаралып отырылады. Қыркүйек айында 8-10 сынып оқушыларының арасында Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының студенттерінің қатысуымен "Өз құқығыңды білгенің дұрыс" атты дөңгелек үстел ұйымдастырдық.  Ал, мектеп инспекторы  полиция лейтенанты Әсем Бейсенова 5-7 сынып оқушыларына "Құқық бұзушылықтағы нөлдік шыдамдылық" тақырыбында дәріс оқып, пікірталастар өткізіп тұрады. Жол ережесін насихаттау, түрлі жайсыз оқиғалардың алдын-алу мақсатында жол ережесі туралы іс-шаралармен бірге  "Назар аудар, бағдаршам" айлығы, "Жолда жүру ережесін білесің бе?" сурет сайысы ұйымдастырылды.  Осы шараларға мектебіміздегі  "Жас жол серіктері" жасағы тәлімгер Н.Досымованың жетекшілігімен  белсене араласқанын айта кеткім келеді.
Сондықтан да кез келген  құқық  бұзушылыққа  қарсы "нөлдік төзімділікті" тәрбиелеу жұмыстарын өскелең оқушыларымыздан бастағанымыз дұрыс. Себебі, еліміздің болашағы болып табылатын  өскелең ұрпақ бұл үрдісте маңызды рөл алады. Оқушыларымыз қандай тәрбие алса, қоғамдық қауіпсіздік  те соған байланысты болар деп ойлаймын. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыстар жалғаса бермек.
– Әңгімеңізге рахмет.
Гүлназым
        САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓