Бағалы қағаздан – ұтымды табыс

IMG_0868Сәрсенбі күні ел жұртшылығы "Халықтық IPO" бағдарламасы арқылы "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" ("KEGOK")  АҚ-ның акцияларын сатып ала бастады. Монополист компания осы қызу науқанға байланысты нендей шаралар атқаруда, оның басымдықтары қандай және акционер атанған халық бұдан не ұтады. Осы сауалдарға жауап алу үшін "KEGOK" АҚ "Сарыбай ЖЭТ" филиалының директоры Қайрат Қаракесековты әңгімеге тартқан болатынбыз.
– Қайрат Ізбасарұлы, "KEGOK"  компаниясының акциялары 5-қарашадан бастап "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша сатылымға шыға бас-тады. Осы орайда үгіт-насихат шаралары қаншалықты деңгейде жүргізіліп жатыр?
– Қазақстанның қаржы нарығы үшін биылғы жылдың төртінші тоқсаны айтулы оқиға-ларға толы болды. Әсіресе, көп-шіліктің көптен бері күтіп жүрген "Халықтық IPO" бағдарламасы екінші толқынының жүзеге асырылуын ерекше атап өтуге болады. Осы уақытқа дейін "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша көптеген жұмыстардың басын қайырдық. Атап айтсақ, Рудный қаласындағы "РЭК" ЖШС, "Жарық Жол" ЖШС, "Завод Казогнеупор" ЖШС, Лисаков қаласы әкімдігіне қарасты "Лисаковскгоркоммунэнерго" МКК, "Қазақстан аллюминийі" АҚ ҚБРБ, "Банк ЦентрКредит", "АТФ банк" банктері, жеке сот орындаушылары, салық комитеті мен Қостанай қа-ласындағы жеке кәсіпкерлер палатасымен кездесулер өткізілді. Адам көп шоғырланған жерлерде "KEGOC" АҚ-ның "Халықтық IPO" бағдарламасы туралы хабарламаны тұрғындарға тарату, хабарландыру орындарына жапсыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Компаниямыз өз акционерлерін жан-жақты ақпаратпен толыққанды қамтамасыз ету мақсатында арнайы роуд-шоу (ақпараттық-түсіндірме жұмыстары) өткізуді қолға алды. Астанадан бастау алған бұл шара Алматыда жалғасын тауып, еліміздің бар-лық ірі қалаларын қамтитын болады. Қостанай мен Рудный қаласында роуд-шоу жоспар бойынша 14-қарашада өткізіл-мек. Оның барысында компания өкілдері мен қаржы кеңесшілері өңір тұрғындарына "KEGOC" акционерлік қоғамы туралы, компанияның жұмыс жоспарлары, келешектегі мақсаттары мен инвес-тициялық жобалары турасында толық ақпарат береді. Сонымен қатар "Халықтық IPO" бағдарламасының жүзеге асу тетіктерін түсіндіріп, компания акцияларына иелік етудің қадамдық нұсқау-ларын көрсетеді.
– Сатылымға шығарылған акциялар жайында мағлұмат берсеңіз?
– Өзіңіз білесіз, "Халық ІРО-ға" KEGOC компаниясының 25 999 999 дана акциясы саудаға шығарылды. Қарапайым бір акцияның құны 505 теңге. Ал 19 желтоқсаннан  бастап  орналасты-рылған акциялар Қазақстанның қор биржасында еркін айналымда болады. Бұл жолы да негізгі басымдық жеке инвесторларға, яғни Қазақстан азаматтарына берілмек. Олар компанияның 14 мың данаға дейінгі акциясына иелік ете алады. Қарапайым акцияларды сатып алуға өтініштер 2014 жылдың 5 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында қабылданады.
Айта кетерлігі, сатылымға шық-қан алғашқы күнде "Қазпошта" бөлімшелеріне "KEGOC" акцияларын сатып алуға жалпы сомасы 30 млн. теңгені құрайтын 130 өтініш келіп түсті. Бұл "Халық ІРО" бағдарламасының екінші кезеңі ойдағыдай өтетінін байқатады.
– Екі жыл бұрын "Халықтық IPO"-ға шыққан "Қазтрансойл" компаниясының акциясы 735 теңгеге сатылған. Оны иеленген 33 мың адамға 25 пайыз дивиденд төленді. Қазір "Казтрансойл"-дың акциялары 1009 теңге тұрады. Сіздің ойыңызша, "KEGOС" АҚ-ның қандай басымдықтары бар, халықтың  ұтары не?
– Экономиканың табысты болуы бүгінде энергетикаға тәуелді екенін ескерсек, компанияның бизнесі келешекте тек өрістей береді деген нық болжам айтуға болады. Компанияның негізгі мін-деті – қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің жұмыс сенім-ділігі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету. Осы орайда қуаты 500 кВ, ұзындығы 700 шақырымды құрайтын Екібастұз-Шүлбі-Өскемен желісі мен дәл осындау қуатпен ұзындығы 920 шақырым келетін  Шүлбі-Ақтоғай-Талдықор-ған-Алма желісінің құрылысы, және де ұлттық электр желісін оңалту сияқты инвестициялық жобалар жүзеге асып жатқандығын айтқан жөн. Бұл ең алдымен берілетін электр энергиясының өткізгіш қасиеті мен көлемін ұлғайтып, тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттыруға мүмкіндік бермек. Бір сөзбен айтқанда, инвесторларға қолайлы жағдай жасалынып, компанияның табысы арта түсетін болады. Әрине "Казтрансойл" мен "KEGOC"-ты салыстыру қисынсыз. Әйткенмен компанияның дивидендтік саясаты жарты немесе бір жылдан кейін акционерлердің 40 пайыз деңгейінде таза табысқа ие болуын көздейді. Яғни, халық акциямызды сатып алғаннан ұтпаса, ұтылмасы хақ.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Қуаныш
      ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓