Биші қыз Азиза
Келесі қатысушы – Азиза Әкімгереева. Бүлдіршін 25 наурыз күні 7 жасқа толады. Ол №18 Абай Құнанбаев атындағы орта мектептің 1-сынып оқушысы. Бес жасынан ең әдемі және ең эстетикалық спорт түрі – бал биімен айналысады. Азиза еркін мінезді, көпшіл, өнерлі болып өсіп келеді, оның жеңіске деген ерік-жігері зор. Бимен шұғылданып жүргелі көптеген жетістікке жеткен. Екі жылдай әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға, ұзын саны 12 марапатқа (медальдар, дипломдар) ие болған. Анасы биші қызын мақтан етеді, болашағынан зор үміт күтеді.