«Біріксек – күшпіз»

Парламент Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты болған Ирина Аронова аудандық-қалалық мәслихат депутаттығына жаңадан сайланған қыз-келіншектермен кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Іскер әйелдердің облыстық кәсіподақ орталығында бас қосып, әңгіме құрды.
Аудандық және қалалық мәслихаттарға сайлау кезінде Қостанай облысының аумағында бір жыл ғана жұмыс істейтін әйелдер күштері Альянсы «Нұр Отан» партиясының праймериздеріне және «Ақ жол» партиясының сайлауалды іс-шараларына қатысу үшін 96 әйелді ұсынған еді.           
– Айта кету керек, 91 әйел түрлі деңгейдегі мәслихаттардың, соның ішінде Қостанай облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. «Ақ жол» партиясынан екі әйел аудандық мәслихаттардың депутаты болды, – деп атап өтті кездесуде Қостанай облысы Әйелдер күштері Альянсының төрайымы.           
Өкілетті органдардағы әйелдердің пайызы жылдан жылға азайып бара жатқанымен, керісінше, Қостанай облысында нәзік жандылар қатары ұлғайып келеді екен. Мен Қостанай облысында өткен сайлауды бақыладым, маған қостанайлық әйелдердің қандай позицияларда болғаны әрқашан қызық, өйткені біз гендер бойынша жобалар жоспарында әрқашан белсенді болдық. Осы жағынан өте қуаныштымын. Біз облыстық мәслихат сессиясында гендерлік теңдік жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын алғашқылардың бірі болып бекіттік. Демек, бүгінгі таңда әйелдерді шешім қабылдау деңгейінде ілгерілетуде барлық жүйелі жұмыс қалыптасқан, – деп атап өтті Ирина Аронова.           
Мәжілістің экс-депутаты қазіргі уақытта Парламенттің әрбір шақырылымында Қостанай облысынан кемінде екі әйел адамның барын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ауқымды жұмыстардың нәтижесі.        
   
– Қоғаммен, қарапайым адамдармен жұмыс істеу керек, олармен байланыста болу керек, оларды түсініп, уақытында көмекке келу керек – бұл ең бастысы. Менің ұстанымым – әрқашан бір қалыпта жүру, ешбір жағдайда адамдардан жоғары болмау. Маған азаматтардың «қиыншылықтың бәрі уақытша» деп сенуі маңызды болды, – деп бөлісті ол.           
Кездесу барысында Ирина Петровна депутаттың жұмысындағы табандылықтың маңыздылығы, өз ұстанымын алға жылжыту қажеттігі туралы айтты. Аудандарда жұмыс істейтін нәзік жанды депутаттар тәжірибе алмасу жөніндегі мұндай кездесулердің өте пайдалы екенін атап өтті.   
        

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓