Иесіз иттермен қалай күресеміз?

Таяуда қостанайлық студент қыз қаңғыған иттерден таланды. Ол туралы жәбірленуші «Алау» телеарнасына мәлімдеген. Қазіргі таңда  қыздың жағдайы жақсы.
Жәбірленуші  бұл иттердің Абай даңғылында орналасқан колледж аумағында топталып жүретінін бұрын да көрген. Ақыр аяғы иесіз иттер қызға шабуыл жасап тынған. Даянаны осы жолғы жаманаттан оның қысқы ұзын курткасы мен көлік жүргізушілерінің дабылы құтқарып қалды.  
«Менің орнымда кішкентай бала немесе егде жастағы адам болса, қалай құтылатынын ойлау да қорқынышты», – дейді Даяна.
Облыс бюджетінен биыл қаңғыбас иттерді зарарсыздандыру жұмыстарына 86 миллион теңге бөлінген.  Елімізде бұл  үй жануарларын өз бетінше ұстап, атып тастау заңғы қайшы әрекет саналады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓