Қостанай облысы алкоголь тұтыну жөнінен екінші орында

Қазақстандықтардың 7,6% -ы ғана алкогольді сусындарды қауіпті дозада пайдаланады.
Айта кетейік, Қостанай облысы еліміздегі ең көп ішетін өңірлер арасында екінші орында тұр. Біздің өңірдегі ішкілікке әуес тұрғындардың үлес салмағы 19,6% -ға тең. Мұндай деректерді Денсаулық сақтау министрлігі жария етті.
Ұсынылған статистикаға сүйенсек, Қазақстанда он адамның біреуі ғана ішімдік ішеді. Алайды, 2021 жылы бір қазақстандыққа жылына шамамен тоғыз литр алкогольден келетіні анықталған.
Бір қызығы, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, әйелдердің алкогольге тәуелділігі жиі байқалады – 11,8%, ер адамдарда бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен екен, олардың көрсеткіші – 2,7%.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓