Орманға қорған болыңыз

Қостанайда орманды ластап, ағашты заңсыз кескендер туралы WhatsApp арқылы хабар беруге болады. Қылмысты әшкере қылып, азаматтық бастама танытқан адамдардың аты-жөні жасырын қалады.
Қостанай облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының жетекшісі Рүстем Қаркенов жергілікті тұрғындарға жасыл желекке қамқорлықпен қарауға шақырады. Қазіргі уақытта бұл аса өзекті мәселеге айналып отыр, өйткені орманға демалуға барған адамдар айналасын қоқыс-қалдықтармен ластап кетуді жиілеткен. 
"Егер сіз орман ағашын заңсыз кесу, орман қорын қоқыс-қалдықпен ластау, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу, заңсыз аң аулау немесе жабайы жануарларды қатыгездікпен қорлау және ҚР Табиғатты қорғау заңнамасының басқа да ережелерін бұзу деректеріне куә болсаңыз немесе ақпаратыңыз болса, дереу біздің мекемеге хабарлаңыз. Оның жолы оп-оңай – бар болғаны   +7-701-315-11-10 WhatsApp нөміріне сурет немесе бейнежазба жолдасаңыз жеткілікті. Аты-жөніңізді жарияламауға уәде береміз", – дейді Р.Қаркенов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, егер сіз аталмыш инспекция қызметкерлері тарапынан эктиалық ережебұзушылыққа куә болсаңыз, ол деректерді де WhatsApp желісіне жолдай аласыз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓