Ән әлеміне құлаш сермеген

Тіршілігіміздің бар тыны­сы, бар тармақ-тарауы әнмен ас­тасып жатады. Ән көңілді ғана ажар­лан­дырып қоймай, адамдарды бір-біріне жақындатады, адам абы­ройын биіктетіп, атын асқақ­та­та­ды. Аты жер жарған жұлдыз біздің өңіріміздің де беделін көтеруде. Бойына дарыған әншілік қабілеті туралы Аялан Мұқанов бізбен пікір бөлісті. 
« Әнге деген ықыласым бала кезімде оянды. Мен сахна төріне 7 жасымнан шығып, өнер көрсеттім. Ән жолына келуіме ең алдымен анам себепкер болды. Жастайымнан тәлімгер де, ана ретінде де көмегін аямады. Қазіргі уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерімнің барлығы анамның арқасында. Қазіргі кезде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының 2-курс студентімін", – дейді Аялан.
Оның жетістіктері көп. Атап айтсақ, республикалық «Сәлем, Астана» байқауының 1-дәрежелі лауреаты, «Аялаған Астана» атты V республикалық балалар телевизиялық байқауының финалисі;  «Бақыт деген сенің бала күндерің» республикалық ән байқауының 1-дәрежелі лауреаты, 2019 жылғы «Ұлы дала баласы» жобасының финалисі, 2020 жылғы «Astana Stars» халықаралық байқауының гран-при иегері, XXVIIІІ Salut talents Arts байқауының 1-дәрежелі лауреаты, Festival – Contest «Paris, Je Taime!» (Париж, 2019 жыл) жүлдегері.
"Оқуымды тәмамдаған соң биік сахнаға ұмтылып, шоу бизнеске үн қосып, өз тыңдарманымды тауып, бар өмірімді әнге арнаймын деген ойдамын»,-дейді өнер серісі.
 
Ділназ Ізтелеуова,
3-курс

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓