Облыста боранға байланысты жолдар жабылды

Қостанай облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты тас жолдар жабыла бастады. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.
"Сағат 17:15-тен бастап, боранның ұйтқып соғуына байланысты, республикалық маңыздағы "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" Р-36 тас жолының 7-218 шақырымы (Тобыл қаласынан Октябрь ауылына дейінгі аралық) жүк көліктері және жолаушылар көліктері үшін жол қозғалысы шектелді", – делінеді хабарламада.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓