Еріктілер жылы жабылды
Бүгін еріктілер жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Онлайн режимде болған іс-шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, қостанайлық белсенділерді марапаттады.





Салтанатты іс-шараның соңында төрт аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «Корпоративтік еріктілік көшбасшысы» номинациясында «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығына Женгелдин ауданының «Жалын» жастар ұйымы, «Жыл меценаттары» номинациясында «Жомарт жүрек» сыйлығын Борис Князев иеленді. «Жылдың үздік ұйымы» аталымында «Олжа-Агро» ЖШС, «Ерен ерлік» аталымы бойынша Жансейіт Құрманғалиев марапатталды.





Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.