Ауылдарда интернет сапасы жақсарады

Облыста 200-ге жуық елді мекен 4G стандартының ұялы байланысымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, бірқатар ауылдық жерлерде қосымша 28 базалық станция салынды. Бұл жайлы облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев алқа жиынында баяндады.  
– Оңтүстік өңірдегі ауылдарды кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етуге радиорелелік байланыс желісін салатын инвестор тарту мәселесі пысықталып жатыр. Сондай-ақ, пилоттық жоба шеңберінде республикалық ғарыштық байланыс орталығымен және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп 4 ауылға геостационарлық емес спутниктік жүйелер технологиясы арқылы интернет тартамыз, – деді алқа жиынында Азамат Совхозбайұлы.
Жалпы, облыстағы 517 ауылдың 331-і сапалы мобильді интернетпен қамтылған, ал 161 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізілген. Мобильді интернеттің сапасы төмен ауылдарда жылдамдығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓