Аяз қайтып оралады

Қазгидромет синоптиктері 31 қаңтар – 2 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады. морозӨзбекстан үстіндегі оңтүстік циклон таяу тәуліктерде Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне орнығады. Бұл оңтүстік-шығыс, шығыс, орталық және солтүстіктегі ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді. Бірақ жылынумен қоса жауын-шашын, боран, қатты екпінді жел, оңтүстік-шығыста ылғалды қар, кей жерлерінде қалың тұман және көктайғақ күтіледі. Ал циклон соңынан орталығы Кар теңізі үстінде орналасқан салқын антициклон жайылады. Сондықтан жылымық тез арада кезекті салқындаумен алмасып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура 35… 40 градусқа дейін төмендейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓