Жаңа сүт зауыты салынуда
Рудный. Қалада жаңа сүт өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Өндіріс іске қосылғанда бір ауысымда 20 тонна шикізат өңдейтін болады. Кәсіпорынға соңғы үлгідегі еуропалық қондырғылар орнатылады. «Лидер-2010» ЖШС қаржы директоры Антон Арешкиннің айтуынша, жаңа нысанның құрылысына барлығы 1,2 млрд. теңге жұмсалмақ. Оның 200 млн.теңгесі серіктестіктің өз қаржысы. Қалған сомасы несиеге алынған.