Елдің басты құндылығы – адам

Қазақ елі көп ұлтты қасиетті мекен. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен дарқандығы болмаса, осынша ұлт өкілдері қазақ жерін Отаным деп мекендемес еді. Еліміздің басты құныдылығы – адам. Біз мақтансақ, халқымызбен мақтанамыз. Президент реформаларының да басты мақсаты осы – ұлттық байлықты тең бөлу жəне баршаға бірдей мүмкіндік беру.
Мемлекет басшысы қолға алған әлеуметтік бастамалар көп. Олардың қай-қайсы да қолдауға тұрарлық. Халық та жақсы қабылдап, пікір қосуда. Себебі, бәрі де жұрттың қамы үшін. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізіліп жатыр. Десе де әлі де қолға алатын дүние баршылық. Президент әлеуметтік саланы қаржыландыруды тапсырды. Науырзым ауданы бойынша биыл денсаулық сақтау саласына біраз қаражат бөлінді, былтыр да аудандық ауруханаға қаншама медициналық аппарат алынды. Мұндай жағдайға қуанып жатырмыз.
Жалақының көтерілуі, мұғалімдердің айлығы да еңбектеріне қарай қосылуда. Мұғалімдерге бұл жігер берері сөзсіз. Олар түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, өздерін көрсетіп жүр. Бөбектерді балабақшамен қамтамасыз етуі де маңызды. Біздің ауданда балалар балабақшамен толық қамтылған. Әлеуметтік салада да өзгеріс бар. Аналарға бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны бір жарым жасқа дейін ұзартты.
Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға көп көңіл бөліп, оларды жұмыспен қамтып, мамандығына қарай орналастыру керек деп айтты. Өзім қолдан келгенше жас мамандардың жұмысқа орналасуына қол ұшын беріп келемін. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы біріге отырып, түрлі бастамаларды атқарудамыз.
Жақсы бастаманың бірі – 18 жасқа дейінге балаға шот ашылып, ұлттық қордан қаражат бөлінуі. Бұл олардың болашағына кепілдік бола алады деп ойлаймын. Биылдан бастап дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жастармен кездескенде олар өздерінің пікірін білдіріп, жаңашылдықтарын көрсетіп жатады. Өзім жігерлі ұрпақты қай жағынан болса да қолдап отыруға тырысамын. Құжат дайындауда, бағыт беруде, баспаналы болуда біздің берері кеңесіміз мол.
Қордаланған мәселе де аз емес. Оны бірігіп шешеміз. Әділетті Қазақстанның басты байлығы халық екенін ұмытпасақ екен. Туған еліме адам еңбек ету мен үшін үлкен абырой. Ең бастысы, елімізде тыныштық болсын деп тілеймін.
 
Гүлсім ӘБЕНОВА,
Әйелдер күші альянсының
Науырзым ауданы
бойынша төрайымы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓