Байқау жеңімпаздары анықталды

Желтоқсан айының басында жарияланған үздік жаңа жылдық безендіру байқауы аяқталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қостанай қаласының әкімдігінде өткен жиналыста марапатталды. Сыйлықтарды шаһар басшысы Марат Жүндібаев табыстады.
Байқау бес бағыт бойынша ұйымдастырылған болатын. Алайда, қатысушылардың белсенділігі төмен. Әсіресе, "Бөлшек сауда нысандарын мерекелік безендіру" аталымына бір-ақ үміткер қатысыпты. Қазылар алқасы өткен сенбі-жексенбі күндері барлық жұмыстармен танысып, үздіктерін анықтады.  "Үздік қар мүсіні" байқауында №22 жалпы білім беретін мектеп бас жүлдені алды. Жеңімпаз ұжым Қобыланды батырдың бейнесін жасапты. "Ең үздік қысқы мектеп ауласы" байқауында №24 мектеп гимназиясы бас жүлдеге ие болды.  "Көп пәтерлі тұрғын үйлер ауласындағы үздік жаңа жылдық безендіру" байқауында Б.Майлин көшесіндегі №67 үйдің мүлік иелерінің бірлестігі 1-орын алды. "Орта және ірі бизнес объектілеріндегі ең жақсы дизайн" байқауында "Медеу" қонақ үй кешені 1-орынға ие болды. Бесінші байқау "Бөлшек сауда нысындарын мерекелік безендіру" байқауына жалғыз қатысушы "Веселый праздник" дүкені өз жұмысын ұсынған. Дүкен иесіне ынталандыру сыйлығы берілді. Байқаудың бес бағытының бас жүлдесімен қатар үш жеңімпазы анықталып, ерекше көзге түскен қатысушылар ынталандыру жүлделерімен марапатталды. Біз тек ғана бас жүлде иелерін жазып отырмыз.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓