Тамаша тағдыр туралы әңгіме

SAM_3228Елімізде  соның ішінде біздің өңірде де мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шараның бірі – Қостанай қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің № 4 "Дорожный" құрылымдық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару  жүйесі  департаментінде болып өтті.
– Қазақ халқының тарихына елеулі өзгеріс ен-гізген, көптен күткен Тәуелсіздігіміздің туын биікке  көтерген, Қазақстан атты елді дүниежүзілік аренаға танытқан осындай ұлы тұлғаның бірі ретінде хал-қы мойындаған Елбасымызды айта алар едік. Ел тарихында бірінші желтоқсанда атап өтілетін бұл мерекенің маңызы да міндеті де айрықша деп айтуға болады.  Сондықтан да ұйымдастырған тарихи сағатымыздың  тақырыбы "Біздің Президентіміздің  тамаша тағдыры"  деп аталды. Осы сағатымыз Н.Назарбаевтың  "Елім менің" әнімен басталды. Ал, содан кейін  іс-шара  барысында  қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы қысқаша  мәлімет беріліп, жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын, еліміздің ертеңіне деген сенімі мол екені жайлы айтылды. Елбасымыздың өмірбаянын Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тікелей байланыстыра отырып, өмір жолына  шолу жасадық.   Жиналған қауымға таныстыру арқылы Елбасының балалық шағы, саяси өмірі және қызметімен танысты. Қызметкерлерді Елбасымыздың  "Нұрлы жол –  болашаққа бастар жол"   Қазақстан   халқына  арнаған  жаңа  Жолдауымен  де таныстырып өттік. "Тұлғаның ерен келбеті" атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне  Елбасының  көптеген еңбектері және Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазылған кітаптар ұсындық, – деді  бізге   осы кітапхананың маманы  Шолпан  Әбілтаева.
Іс-шара соңында  департамент қызметкерлері  "Президенттің  өмірі" атты  көркем фильмді тамашалады.
 Гүлназым
    САҒИТОВА
Суретте: іс-шарадан көрініс.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓