Цифрлық активтермен тыйым салынған қызметті жүзеге асырған күдікті ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы департаменті «KZobmen.com», «KZobmen Ltd» крипто айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың тағы бір дерегі анықталды.Ресей Федерациясының азаматы 2020 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың қаңтары аралығында заңсыз әрекеттері арқылы 180 миллион теңге табыс тапқан. Сот үкімі бойынша күдіктінің 85 миллион теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлкі, оның ішінде «Binance» крипто биржасының платформасына салынған 2 420 доллар көлеміндегі цифрлық активтері (криптовалюта) тәркіленді.
"Құқық бұзушылардың кім екені бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталды. Криптовалюта айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан бір топ тұлғаның қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа да мәліметтер жария етілмейді", – делінеді облыстық ПД хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓