«Алтын Өмір» кәсіпорны қайта жанданады
Бүгінгі таңда қалада жалпы құны 1,8 млрд теңгеге жуық инвестжобалар іске асырылуда. Айталық, «ConfidentLis» серіктестігі стоматологиялық пункт салуға ниетті.
«Inari» супермаркетінің құрылысы аяқталуға жақын. 2015 жылдан бастап «Алтын Өмір» кәсіпорны («Арай – Холдинг» ЖШС-нің еншілес бөлімшесі) алкоголь өнімдерін өндіруді тоқтатқан болатын.
Қазіргі уақытта осы кешенді қалпына келтіру «Азия Алко» серіктестігі инвестор болып келіп жатыр. Зауытты іске қосу алдағы наурыз айына жоспарланған жоспарланып отыр. Жоба құны бір млрд теңге.

Шаһарда сондай-ақ, Челябінің «Оксид» химия зауыты Лисаковта мырыш оксиді және мырыш қорытпаларын құятын зауыт салуды жоспарлап отыр. Оған шамамен 4,2 млрд теңге жұмсалады. Өнеркәсіп қожайындарының қызығушылығы қатты, себебі, олар келер жылы зауыт жұмысын бастап кетсе деп ниеттеніп отыр екен. Жер телімі де дайын. Тек ол араға газ тарту жөнінен мәселе бар. Себебі, зауытқа тәулігіне он мың текше метр көгілдір отын қажет. Абай Ибраев осыған қатысты облыс басшылығының қолдауын сұрап отыр.
Лисаков қаласы.