Жұмыс істеуге мүмкіндік жеткілікті
«Қалалардың жобаларды іске асыру әлеуеті өте жоғары. Бірақ соған жұмыс істеу керек». Бүгін облыс басшысы Құмар Ақсақалов өткен жылды қорытындылап, алдағы мақсат-міндеттері туралы баяндаған төрт шаһардың әкіміне осылай деді.

2023 жылы Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 280,3 млрд теңгенің 9 инвестициялық жобасы іске асырылып, 1 945 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Ал 115,8 млрд теңгеге 6 жоба пайдалануға берілмек, 1 180 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Тағы бір мәселе, қала әкімдігі «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға индустриялық аймақтан тыс резервтелген газ лимиттерін бөлу қажеттілігі туралы бірнеше рет жүгініпті. Алайда, көгілдір отын таратушы компания техникалық шарттардың мораторийіне байланысты қазіргі уақытта қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді ашуға мүмкіндікгі шектеулі. Марат Жүндібаев облыс әкімінен осы түйткілді шешуге ықпал етуін сұрады.

Қ.ҚИЫСХАН,
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.