“Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі”

мероприятие по периодике 007Қостанай қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің № 4 "Дорожный" құрылымдық бөлімшесінде    облыстық "Оқитын өлке" жобасы аясында "Мерзімді баспасөз беттері бойынша" атты кітапханалық шолу  болып өтті.
– Бүгінгі таңда жан-жақтан ағылып жатқан ақпарат көп, оған қоса ғаламтор бар. Жастарымыздың, мектеп оқушы балалардың газет-журналдар, кітап оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында осы жобаның маңызы аса зор деп айтуға болады. Оларды кітап пен газет-журналдарды оқуға тарту ғана емес, өз ұлтының мәдениетін, тарихын білуге ұмтылдыру, ақпараттық мәдениетін өрістету. Оқу  мәдениетін  дамыту  және  қолдау. Міне, осы орайда мерзімді баспасөздің де атқаратын өзіндік рөлі бар.  Сондықтан да Алаш  қайраткері Ахмет Байтұрсынов: "Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді" деген мағыналы сөз айтқаны бекерден-бекер емес-ті. Іс-шара барысында  мектептің оқушы балалары елімізде баспасөздің пайда болуы, тұңғыш газеттің және қазақ тіліндегі жарық көрген ең ал-ғашқы "Айқап" журналы  туралы мағлұмат алды. Алғашқы балалар газетінің атауы "Пионер", ал ал-ғашқы балалар журналының атауы "Балапан" екенін, газет-журналдың айырмашылығын танып білді, – деді бізге кітапхананың  бас маманы Жұмакүл Темірбаева.
Іс-шара барысында  оқушылар кітапхананың арнайы ұйымдастырған көрмесімен танысты, өздерінің сұрақтарын қойды.  Қазіргі кезде қандай кітап оқып, балаларға арналған қандай газет-журнал  басылымдармен таныс екендіктерін айтты.
Гүлназым
    САҒИТОВА
Іс-шарадан көрініс
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓