Митинг тәжік-ауған шекарасына арналды
2001 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының 24-ші дербес атқыштар батальоны Тәжікстан Республикасынан өз Отанына шығарылды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының сыртқы шекарасын бірлесіп күзету жөніндегі мемлекет басшыларының келісіміне орай, басым бөлігін шекарашылар құраған қазақстандық дербес атқыштар батаольны тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарды.

Қазақстан батальонын тәжік-ауған шекарасынан шығару күніне арналған митинг шекарашыларға арналған мемориалдық алаңда өтті.
Шара барасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары подполковник С.Толеуханов, Қостанай облысындағы "Застава тарландары" ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Қ.Молдағалиевтер сөз сөйледі. Сонымен қатар шақырулы қонақтарға да сөз кезегі берілді.



ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті