Қандықол қарақшылар құрықталды
Қостанайда ұйымдасқан қылмыстық топқа (ҰҚТ) қатысты атышулы іс бойынша сот процесі басталды, оның мүшелері бірқатар ауыр қылмыстар жасаған, атап айтқанда, бірнеше рет кісі өлтіру, жалған кәсіпкерлік, аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару. Сотталушылар арасында полицияның бұрынғы учаскелік инспекторы бар. Барлығы төрт адам айыпталуда. ҰҚТ жетекшісі Темірбек Төлеков, Қайырбек Ерғалиев, Серік Махамбетов және бұрынғы полицей Серік Баймұхамедов. Айыптау қылмыстық қызметтің көптеген эпизодтарын қамтиды, іс 68 томнан тұрады.Мемлекеттік айыптаушы Қуаныш Әбдірахмановтың сөзінен түсінікті болғандай, сотталушы Төлеков 2013 жылы Әулиекөл аудандық орталығында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Қол астына алты жергілікті тұрғынды алған. Төлеков ашқан жалған кәсіпорындарына қаңғыбастар мен нашақорларды жалған директорлар етіп қойған.Мемлекеттік айыпталушының айтуынша, мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгені құраған. Қылмысы әшкереленетінін сезген Төлеков қылмыстық істерінің куәгерлері болған адамдарды – өзінің криминалдық компанияларының жалған директорларын өлтірмек болады. Қылмыстық топ жетекшісінің бұйрығымен олардың екеуіне мөлшерден тыс есірткі заттарының қоспасы егілген. Салдарынан біреуі қаза тапты. Айыптаулар тізімінде арсыздық пен қатыгездікпен ерекшеленетін басқа да кісі өлтіру фактілері бар. Айыптау қорытындысын оқу – бір күнге жалғасты.
Қазақпарат