Қостанайдағы І.Омаров атындағы қазақ драма театрында О.Степнованың "Періштелер әзілі" қойылымының премьерасы өтті. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек.

Спектакль 14 ақпан күні қайта көрсетіледі. Премьерадан бұрын Тобыл өңірінде қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі Жамбылбек Есенбековке арналған ескерткіш тақтаның ашылуы өтті. Салтанатты іс-шарада мәдениет қайраткерінің еңбектері, адами тұлғасы туралы естеліктер айтылды.

Толығырақ газетіміздің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.