Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары

Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бір-бірімен ұштасып жатады. Осынау үш зат қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп, күлін жерге көміп тастаған. Неге? Өйткені кез-келген үй табалдырықтан басталады, отыңның басы сол табалдырықтан бастау алады. Бесік – киелі мүлік. Қазіргі күнде қолданылмай бара жатқаны өкінішті.Бесікке бөлеудің артықшылықтары Халқымыз баланы бесікке бөлеуге баса назар аударған. Бесікте баланың ұйқысы тыныш, əрі таза, суық тиіп ауырмайтын болған. Ал, қазіргі заманда көп жағдайда бірреттік жаялықтар қолданылады. Памперс синтетикалық заттан жасалғандықтан, көп қолдану бала денсаулығына зиян. Сапасыздары ауа өткізбейді. Сондықтан, баланы бесікке бөлесеңіз, əрі пайдалы, əрі ақшаңыз да үнемді.Бесікке бөленіп өскен баланың бір ерекшелігі бесікті аңсап тұратындығында. Ондай бала өз бесігі-не жатпаса, мазасызданып, ұйықтамай қояды. Бала əбден тойған сəтте, анасы бесікті жайлап тер-бетіп отырып бесік жырын айтатын болған. Бесік жыры балаға берілетін алғашқы тəрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының əлдиі баланың құлағына сіңеді. Осындай əдемі əуенмен астар-ында əдемі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына əсерлі əуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың əлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді.Қазақтар бесікті негізінен қайың, талдан иіп жасаған, əрі жеңіл келеді. Жасалу жолы мен құрылыс-ына зер салып қарасаңыз, ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасаған-ын көреміз:біріншіден, ол екі жаққа тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, бесіктегі сəби есейе келе қаншама бұлқынса да аударылып кетпейді;екіншіден, тербеткенде адам қолы шаршамайды, ырғаққа оңай келеді;үшіншіден, жылы, əрі таза. Баланың дəреті денеге жайылмай шүбек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды;төртіншіден, желдің өтінен, жердің сызынан, аптап ыстықтың лебінен қорғайды;бесіншіден, баланы емізуге қолайлы. Баланы жөргектен шешіп алмай-ақ ана бесікке сүйеніп отыр-ып емізе береді;алтыншыдан, дене мүшелерінің яғни бастың қисық болмай, домалақ болуына, аяқтарының да түзу болып өсуіне бесікке жатудың көмегі тиеді;            
Бесіктің заманауи түр- түрін А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профес-соры Серікбай Оспанов ағамыз жасап,кеңесін бере алады.
Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары жайында мағлұмат кеңес жүргізген:Меңдіқара ауд.Жа-ңатұрмыс ауылының батыр – ақжаулықты Сақыпжамал есімді анамыз еді.
 
                                                                                                     Баймұқан Темірбекұлы,
 Қостанай қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓