Мемлекет басшысы азаматтық секторды дамытуға ерекше көңіл бөлуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы демократиялық реформалар институты ретінде азаматтық секторды дамытуға айрықша ден қойып келеді. Бүгінгі таңда қоғамдық кеңестерде, мәслихаттарда, консультативтік-кеңесші органдарда квота көлемі ұлғайды, бұл азаматтық қоғамның шешімдер қабылдау процесіне жіті қатысуына зор ықпал етеді.
Осындай қайта құрулардың арқасында әрқайсымыз бюджетті қалыптастыруда, өңірлік даму жоспарларын әзірлеуге қатысу мүмкіндігіне ие болдық. Бұл әрбір үкіметтік емес ұйымның басты миссиясы болып саналатын әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тікелей оң әсерін тигізіп отыр.
Жылдан-жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру ұлғаюда, жаңа жобалар әзірленуде. Бұл тұрғыда жаңа жобаларды, ауылдық үкіметтік емес ұйымдардымемлекет тарапынан қолдау өте маңызды. Бүгінде ауылды елді мекендерде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бізде нақты оң көріністі көрсететін бірқатар мысалдар да бар.  Мәселен, Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек көрсету, Ш.Уәлихановтың есімін халық жадында қалдыру мақсатында жүргізіліп жатқан «Күнтимес» жобасы – жануарларға көмек көрсету ұйымдарының көбеюі үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге қатысуының көрінісі.
Осындай жаңашылдықтар мемлекетіміздің демократиялық даму жолын ұстанады дегенді білдіреді. Мемлекеттік реформалар азаматтық қоғамды дамытуға, қолдауға бағытталғанын көрсетеді.
Нұрбек Әбдібеков, 
«Sanaly Urpaq – 2050» қоғамдық қорының төрағасы 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓