Ақпараттық қауіпсіздікті арттыру қажет
Бүгінгі Президент жолдауы қазақстандықтар үшін ауқымды мәселелерді көтеріп, оларды оңтайландырудағы нақты жолдарды көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне тоқталды. «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды», – деді Мемлекет басшысы.
А.Байтұрсынұы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы өзінің 25 жылдан астам жұмысы барысында мыңға жуық БАҚ мамандарын даярлап шығарды. Қазіргі танда олдардың басым бөлігі өңірлік, республикалық және халықаралық белді бұқаралық ақпарат құралдарында лайықты қызмет атқаруда.
Жыл сайын бұқаралық ақпарат қызметкерлеріне артылған міндет бұл маман иелеріне зор жауапкершілік артады. Өз жолдауында Президент Қ.Тоқаев бұл мәселені тағы бір мәрте атап өтті. Сонымен қатар ашық ақпараттық кеңістік құруға ерекше көңіл бөліп отыр. Баспасөз бостандығының арқасында әрбір азамат қоғамдағы және әлемдегі әртүрлі мәселелер бойынша өзінің тәуелсіз пікірін қалыптастыруға мүмкіндік алады, ал бұл қоғамның демократиялануының маңызды шарты болып табылады. Ал демократиялық елдерде, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратты алу мен тарату мүмкіндігі заңнамалық түрде бекітілген. Сондықтан Мемлекет басшысы мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарастыруды ұсынды.
Ең бастысы еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік – Ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың ең басты құралы екенін ұмытпағанымыз жөн.
Амангелді ШӨРЕНТАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің
журналистика және коммуникациялық менеджмент
кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы.